Қазақстанда банкроттық бойынша 70 мың өтініш түскен

Елімізде наурыз айынан бастап «банкрот» болуға азаматтардан 70 мың өтініш түскен.

Мұны Қаржы вице-министрі айтты. Ержан Біржановтың сөзінше, өтінімдердің 80%-тен астамы банкроттық рәсімге сай келмеген. Оған тұрғындардың жеке басында мүліктің болуы және басым бөлігінің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша деректерінің сәйкес келмейтіндігі, сондай-ақ қарызды өтеу талаптарының дұрыс реттелмеуі сеп болған. Ал «банкрот» деп танылғандардың дені Алматы облысында тіркелген. Ең үлкені 79, ал ең жасы 20-да екен.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Ең көп банкрот деп танылған азаматтар бізде Алматы облысы бойынша бүгінгі таңда – 801 адам. 2-ші кезекте Жамбыл обылсы 677 адам және үштікті Алматы қаласының тұрғындары құрайды – 606 адам. Ең аз банкорт танылған азаматтар Ұлытау обылсында тұрады – 41 адам.