Ақтауда рұқсатсыз тұрғызылған тұрғын үй кешені сүрілді
Ақтауда рұқсатсыз бой көтерген тұрғын үй кешені сүрілді.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлері 35-шағын ауданда салынып жатқан көпқабатты баспананы заңсыз деп тану үшін сотқа жүгінген. Өз кезегінде құзырлы орган құрылыс компаниясы өкілдерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Маңғыстау облысында рұқсат құжаты жоқ нысандар құрылысын тоқтату шаралары жалғасып жатыр. Бір ғана Ақтаудың өзінде әкімдік 20-дан аса заңсыз ғимаратты бұзу жөнінде сотқа арыз жолдаған.
Дәурен Өтепқали, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:
- Тиісті әкімшілік шараларды қабылдадық. Одан кейін құрылысты тоқтату бойынша тиісті нұсқамаларды бердік. Алайда кәсіпкер тарапынан бізден берілген құқықтық актілерді еленген жоқ. Сол себепті өз бетімен салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу деп, бүгінгі таңда сот шешімі заңды күшіне енді. Жалпы, басқармамен 30 талап арыз жолданды. Бүгінгі таңда 26 обьект бойынша тиісті шешімдер шықты. Соның 21-і заңды күшіне еніп тұр.
Бегалы Тұрдыбай, мемлекеттік сот орындаушысы:
- «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» заңның 104-бабына сәйкес бір рет хабарлама жіберіледі. Және сот орындаушылармен мерзім беріледі. Жалпы атқару құжатын орындау барысында 2 мерзім ішінде борышкер өз тарапынан әрекет жасауы керек. Алайда ешқандай әрекет жасалмады, сол себепті мәжбүрлі түрде бұзылып жатыр.