Өскемен әкімдігі жергілікті автопарктерге қарыз

Өскемен қаласы әкімдігінің жергілікті автопарктер алдындағы қордаланған қарызы 900 млн теңгеге жеткен.

Жергілікті жолаушы тасымалдаушы 8 компания атқарылған жұмыс көлемі туралы актіні уақытылы өткізсе де, 2 айдан бері дотациялық субсидияны ала алмай отыр. Сол себепті көлік компаниясының басшылары прокуратура органдарына жүгінуге мәжбүр болды. Бақылаушы органдар араласқаннан кейін уәде етілген қаржының бір бөлігі өтелді. Өскемен қаласындағы автопарктер 2023 жылы 1,5 млрд теңгедей субсидия алуы тиіс. Мұндай даудың бұған дейін де туындағанын айта кетейік. Бір ай бұрын монополияға қарсы қызмет өкілдері субсидияның дұрыс бөлінбеу дерегін анықтаған болатын.

Мұхамеджан Оразбаев, ШҚО прокуратурасы басқарма басшысының  орынбасары:

- Өскемен қаласының ТҮКШ бөлімінің қызметіне жүргізілген талдау нәтижесінде 900 млн теңгеге субсидия төленбегені анықталды. Қала прокуратурасының араласуынан кейін ғана бүгінгі таңда 700 млн теңге берешек өтелді. Қазіргі таңда төлемдер жалғасып жатыр. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырамыз.