Астанада Құран оқудан халықаралық жарыс өтіп жатыр
Астанада тұңғыш рет Құран оқудан халықаралық жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған 2 күндік сайыс Республика күніне орайластырылды. Жарысқа Индонезия, Малайзия, Сауд Арабия Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Түркия сынды 30-ға жуық елден келген қарилар Құранды толық жатқа оқудан бағын сынайды. Халықаралық шарада қазақстандық, өзбекстандық, түркиялық, мысырлық және араб елдерінен келген тәжірибелі қарилар қазылық етеді. Сайыстың негізгі мақсаты – бабалар аманатына амал ету және қасиетті кітап құндылықтарын әлемдік деңгейде дәріптеу.
Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти:
- Жалпы халықаралық жиын әр елде өтіп жатады. Бірақ Қазақстанда тұңғыш рет. Алла қаласа, алдағы уақытта осындай жиындарды жиі өткізуге тырысамыз. Бірінші орынға 20 мың доллар, екіге 15 мың, үшіншіге 10 мың, төртінші орынға 5 мың және бесінші орынға 3 мың доллар қаржылай сыйлықақы беіледі.