Балаларды балабақшаға орналастыру үшін енді құжат жинаудың қажеті жоқ
Кезекке тұру мәселесі де толықтай жаңа үлгіге ауыстырылады.
Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Қазақстанда 11 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйым бар. Оларға 1 миллионға жуық бала барады. Бұл - 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 90 пайызға жуығы. Демек орын тапшылығы әлі де бар. Министірдің мәлімдеуінше, жаңа жылдан бастап кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы іске қосылады. Ал қажетті деректер автоматты түрде расталады. Мектепке дейінгі білім саласында өзге де артықшылықтар пайда болады.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Осы жүйе қаңтар айында іске қосылады деп күтілуде. Сол кезде бұрынғыдай бір ғана бала бақшаға емес, 4 балабақшаға дейін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ата-аналардың кезекте тұрып қаламай өзінің баласын тезірек орналсытру мүмкіндігі қарастырылған.