Елімізде аудан әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр
Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың арасында түрлі саланың өкілдері бар.
Айталық, экономистердің үлесі ең жоғары - 20,73 пайыз. Екінші орында заңгерлер - 19,51 пайыз. Сондай-ақ осы жолғы саяси додада оқытушылар қауымы да бағын сынап көрмекке бел буған. Олар барлық кандидаттың 16,46 пайызын құрайды. Инженер, агрономдар да шет қалмаған.
Тіркелген кандидаттар:
Экономист 20,73%
Заңгер 19,51%
Оқытушы 16,46%
Инженер 12,2%
Агроном 11,59%
Басқа 19,51%