Қостанай облысында мәдениет ошағы салынып жатыр

Қостанай облысында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша бірнеше мәдениет ошағы салынып жатыр.

Соның бірі Жітіқара ауданының Пригородный елді мекенінде бой көтермек. Осы уақытқа дейін әкімдік кеңсесін паналап келген  жергілікті өнерпаздар мәдениет үйінің тапсырылуын асыға күтіп жүр.

Назаркүл Оспанова қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Екі жылдан бері  клуб меңгерушісі қызметін қосымша атқарады. Меңгеруші болғанымен әзірге клуб жоқ. Мәдени шараларға дайындалу үшін әкімдіктің тар бөлмесі мен мектептің акт залын пайдаланады.

Назаркүл Оспанова, клуб меңгерушісі:

- Клуб мынау әкімдік ішінде, бір бөлме. Бірақ бөлме сондағысы, репетицияда болады, дайындалады, танцевальный да болады. Енді ыңғайсыз. Ыңғайсыз орын жоқ.

Пригородныйда Мәдениет ошағының құрылысы жазда басталған. Оны салуға бюджеттен 250 мыңнан астам қаржы бөлінді.

Жақсылық Еділбаев, Пригородный ауылының әкімі:

- Тоқсаныншы жылдан бері болған ескі клуб, содан бері жоқ. Акиматта, мектепте өткіземіз андай меропрятияларды. Ауылда өнерлі адамдар бар. Орын аз, былай жақсы.

Клубтың жалпы аумағы мың шаршы метр. Жүз адамға есептелген көрермен залы бар. Одан бөлек мұнда кітапхана, медицина пункті және тренажер залы орналасады.

Асылхан Хакімов, Жітіқара ауданы құрылыс бөлімінің басшысы:

- Едені, терезелері салынды. Сантехника жұмыстары толық аяқталды. Жылу жүйесін орнаттық. Енді төбесі жабылса, ішкі әрлеуге кіріседі. Мердігер бар жұмыс ауқымыны екі айда бітіреміз деп отыр.

Дәл осындай мәдениет ошақтары «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы бойынша  облыста алты елді мекенде салынып жатыр. Бұл шамамен бес мың адамды қамтиды.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг