Қазақстандықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды

Кеше қазақстандықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды.

Аспанның қызыл да жасыл түске боялған сәті әсіресе Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының тұрғындарына анық көрінген. Олар ерекше сәулені бірден түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялай бастаған. Мамандар мұндай поляр шұғыласын бір күн бұрын болған қуатты күн жарқылымен байланыстырады.