Елде #Бірге ақпараттық науқаны өтеді
«Біз әртүрлі болғанымызбен, Отанымыз ортақ!». Елде дәл осындай ұранмен «Бірге» ақпараттық науқаны өтеді.
Мұнда халықтар достығы, Қазақстанда тұрып жатқан этнос өкілдерінің бірлігі насихатталады. Осы тақырыпқа арналған түрлі суреттер мен бейнероликтер ғимараттардың қасбетіне жапсырылып, қоғамдық орындарда көрсетіледі.
Бүгін елорадада мемлекеттік органдар мен сарапшылар науқанды жүзеге асыру барысын талқылады. Қатысушылардың айтуынша, әлемдік геосаяси ахуал ушығып тұрған уақытта достықты дәріптеу өте маңызды. Ал аталмыш шара осы мәселені шешуге серпін бермек. Оны елдің барлық өңірінде өткізу жоспарланып жатыр.
Думан Смақов, MediaNet халықаралық журналистика орталығы директорының орынбасары:
- Ақпараттық науқан барысында плакаттар, таратпалы құралдар қоғамдық көлікте, ұшақтарда, пойыздарда, т.б. қатынас құралдарында жабыстырылады. Екінші сыртқы жарнамада қазір Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысымен телеарна, радио, басқа да коммуникация құралдарында жариялануы мүмкін. Қазіргі уақытта 4 видеролик, 4 плакат дайын. Оның әрқайсысы азаматтардың ішін пыстырып алмас үшін 15 минуттық көлемде жасалған.