Жетісу облысында қызылша дерті өршіп тұр
Былтыр бірде-бір жағдай тіркелмесе, биыл 317 адам сырқаттанған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Зертханалық талдау барысында 230 тұрғыннан ауру белгілері расталды. Науқастанғандардың 63%-і – вакцина алмаған әрі 15 жасқа дейінгі балалар. Сол себепті дене қызуы көтеріліп, бас ауырып, жөтел қысқан жағдайда бірден жедел жәрдем шақырту керек, - дейді дәрігерлер. Қазір вакцинаның маңыздылығын түсіндіру және жаппай иммундау шарасына дайындық жұмыстары басталды. Әсіресе ауру жұқтырғандар саны көп Талдықорған қаласы мен Алакөл аудандарына баса назар аударылып отыр.
Индира Күнбасова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Жаппай иммундау көзделіп отыр. Бірақ бізде вакцина жоқ. Вакцина осы қараша айында келеді деп жоспарлап отыр. Сол вакцина келгенде біз жаппай иммундауды бастаймыз.