Полицейлер 100 тоннадан астам көкнәр сабанын тәркіледі

Қазақстандық полицейлер арнайы операция кезінде 100 тоннадан астам көкнәр сабанын тәркіледі.

Осы арқылы 1 млн апиын дозасын жойды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Жедел-тергеу топтары елдің батысында есірткі сатқан 8 адамды ұстаған. Бір мезгілде 10-ға жуық қалада 35 тінту жүргізіліп, күдіктілер ұсталды. Нәтижесінде қылмыстық топтың 15 мүшесі қамауға алынды. 104 тоннадан астам көкнәр сабаны, 600-ден астам «тропикамид» және «мидекс» дәрілік препараттарының бөтелкелері, шамамен 5 млн теңге, 4 автокөлік және DAF ауыр жүк көлігі тәркіленді. Оның жалпы құны 4 млрд теңгеге бағаланды.

Сарқытбай Құсайынов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:

- Жедел-тергеу топтары Орал, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларының аумағында Алматыда апиын көкнәрін сатып алып, оны еліміздің батысында сатқан 8 адамды ұстады. Есірткі трафигін Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Ақтөбе мен Оралдағы 4 дүкеннің иесі болып шықты. Сол арқылы күдікті есірткі жасауға арналған көкнәр сабаны м