Өскеменде радиациялық бақылау күшейеді
Өскемен қаласында радиациялық ластанған учаскелерді бақылаумен санитар дәрігерлер айналысады.
Бұл туралы жергілікті экология департаментінің өкілдері хабарлады. Еске сала кетсек, жергілікті құқық қорғаушы Алексей Божковтың бастамасымен шаһарда ластанған сегіз учаскенің жаңа картасы жасалды. Қалдықтар металлургиялық өндіріс ошақтарынан пайда болған. Қала әкімдігінің ресми жауабына сүйенсек, қоршаған ортаға қауіпті жерлерді жою жұмыстары
Рауан Тұраров, ШҚО бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспектор:
– Біз Божков азаматының өтініші негізінде әкімдікте, өзіміздің экология департаментінде талай кездесу жүргізген болатынбыз. Божковтың айтуы бойынша жоюдан бір бөлек она қазіргі таңда ластанған учаскелерді сәйкес белгілермен көрсетіп, оны белгілеп қою керек. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.