Таразда балалар үйінің жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кетті
Таразда 3 ай ішінде күрделі жөндеуден өтуі тиіс балалар үйі әлі қолданысқа берілген жоқ.
414 миллион теңге жұмсалған қайта жөндеу жұмыстары шілде айында аяқталуы тиіс еді. Бірақ мердігер белгіленген уақытта үлгермеген. Сөйтіп тағы 3 айға ұзартылған. Бірақ әлі күнге дейін жаңғырту жұмыстары бітпеді. Электр сымдары салбырап, ішкі сырлау жұмыстары аяқталмаған. Бөлмелер құрылыс қалдықтарына толы. Ойын алаңы да аяқсыз қалған. Бірақ мердігердің бұған айтар уәжі бар. Құрылыс кезінде балаларды уақытша жайғастыратын басқа мекеме болмаған. Сондықтан оларды бір ғимараттан екіншісіне кезек-кезегімен көшіріп жұмыс істедік, - дейді.
Перизат Үмбетәлі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- 21 октябрьде бұл ремонт біту керек болған. Содан кейін бітпегеннен кейін өзі заң жүзінде жаңағы сот алды талап арыз жолданған ол кісілерге. Сондықтан біз оларды сотқа беріп жатыр осы мекеме. Осы күйінде қабылдамаймыз. Заң аясында жасаймыз барлық шараны.
Асхат Боранбай, мердігер компания өкілі:
- Мысалы, біз толықтай мына блокты реттеп тапсырып қойдық. Мысалы қазір бір тұрған блокта дефект көп. Оның бәрі 2-3-4 күннің ішінде реттелетін нәрсе. Заказшикке де келген адамдарға да бәріне уәде беріп отырмыз 1 апта уақытта бітіреміз деп.