15 қарашада еліміздің ұлттық валютасына 30 жыл толады

Осыған байланысты Ұлттық Банк «Теңгеге 30 жыл» коллекциялық монеталарын айналымға шығаруды жоспарлап отыр.

Оның дизайны «теңге» белгісіне негізделіп, жан-жағы оюмен өрнектелген. Диаметрі 50 мм, жалпы массасы 84 грамм болатын монета күміс пен металлдан жасалған. Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады.