Талдықорғанда «Жүректен жүрекке» байқауы өз мәресіне жетті
Мүгедектігі бар жастар арасындағы бұл іс-шара биыл ән айту, би билеу, сурет салу және қолөнер бағыттары бойынша өтті.
Дәстүрлі өнер байқауына 14 пен 35 жас аралығындағы шалғай ауылдардан келген жастар қатысты. «Ел іші – өнер кеніші» демекші, өнерлі өрендердің көбі ауылдан шығады. «Jetisy jastary» мекемесі ұйымдастырған байқаудың мақсаты – облыстағы мүгедектігі бар жастарды жұртшылыққа таныстырып, олардың өнерін кеңінен насихаттау. Байқау қорытындысы бойынша Сарқан ауданының жастары бірінші орынды жеңіп алды.
Әнел Чайк, байқау жеңімпазы (Сарқан ауданы):
- Бұл бірінші байқауым. Әкелген дүниелерім бұл сурет акварельмен жасалынған және бисерден жасалынған гүл себетпен. Осы бисермен жасаған уақытым 3 ай кетті. Суретпен айналысып жатқаныма 3 жылдан көп уақыт.
Меруерт Махмұтжан, ұйымдастырушы:
- Байқаудың мақсаты мүгедектігі бар жастардың шығармашылығын қолдау және олардың бос уақытын тиімді пайдалану. Жалпы биыл бірінші орынға 200 мың теңге, екінші орынға 150 мың теңге, үшінші орынға 100 мың теңге және ынталандыру сыйлықтары беріледі.