Байқоңыр қаласында экологиялық талап орындалмай отыр

Байқоңыр қаласы маңындағы құрылыс қалдықтарын жоюдың жол картасы толық орындалмай отыр.

Жұлдызды қалашық пен Төретам және Ақай елді мекендерінің айналасын тазартуға бағытталған 3 жылдық жоспар аясында 12 мың 700 тоннадай қоқыс шығарылды. Дегенмен Байқоңыр маңайында құлаған нысандардың қатты қалдықтары әлі де біраз аумақты алып жатыр. Негізі Қазақстан-Ресей арасындағы үкіметаралық комиссия отырысында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына экологиялық заңнама талаптарына сәйкес сұрыптау кешенін салу жөнінде шарт жасалған. Алайда Байқоңыр әкімшілігі мемлекеттік экологиялық бақылау және реттеу қызметінің бұл талаптарын орындауға асығар емес. 

Нұрбек Садықов, Экология департаментінің бөлім басшысы:

- 2021 жылы жаңа экологиялық кодекс қабылданды. Көмуге тыйым салынған қалдықтардың түрлері бар сол кодексте. Сол қалдықтарды сұрыптап алғаннан кейін тиісті орынға көмілу қажет. Заң міндеттелмегенімен бірақ салуға жыл сайын бақылау нәтижелерімен нұсқамалар беріп жатырмыз. Әкімшілікке тиісті жұмыстарды көрсетіп жатырмыз.