Мәжілісте вандалдарға қатысты жазаны қатаңдату ұсынылды

Мәжілісте қаралған тағы бір мәселе вандализмге қатысты болды.

Елде жыл басынан бері мыңнан аса осындай дерек тіркелген. депутат Сергей Пономарёвтің айтуынша, бұзақылар қабірлерді тонап қана қоймай, табиғи және тарихи ескерткіштерді де бүлдіруде. Қазір мұндай бұзақылыққа салынатын айыппұл көлемі 345 мың теңге. Сондай-ақ вандалдарды қамауға алу, не түзеу жұмыстарына жегу жазасы бар. Депутат мұның аздық ететінін жеткізді. Ол мәселені шешу үшін заңды күшейтуді ұсынды.

Сергей Пономарёв, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз Үкіметке қолданыстағы мәдени саясат тұжырымдамасын қайта қарау керек. Сондай-ақ жер учаскелерін бөлу кезінде тарихи-мәдени нысандардың сақталуына қатысты заңнаманың орындалуын ерекше бақылауға алу қажет. Киелі орындардың карталарын қалпына келтіріп, вандализм үшін айыппұл көлемін арттыру мәселесін пысықтауды ұсынамыз.