Өскеменде құрылыс компаниялары айыппұл арқалады
Ал Өскеменде коммерциялық құрылыс компаниялары миллиондаған айыппұл арқалады.
Тоғыз жекеменшік мекеме авторлық және техникалық қадағалау орындарының рұқсатынсыз көпқабатты нысандар салып тастаған. Жоба-жоспар дегенді мүлдем ескермеген. Тіпті тиісті тоғыз қабатты үйдің орнына бес қабаттысын салып, істерін дөңгелете берген. Қазір заңды өрескел бұзғандардың жұмысы тоқтатылды. Бұл аздай кейбір мекемелер үлескерлік құрылыс жүргізетін құжаттары болмаса да, адамдардан пәтерге алдын-ала төлем ретінде 600 миллион теңге жинап үлгерген.
Инна Валл, ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы:
- Кейбір мекемелердің ісі сотта қаралуда.Бір компанияның құрылыс жобасы мемлекеттік сараптамада жатыр, бірақ сол құжаттар дайын болмай тұрып, олар құрылысқа кірісіп кеткен. Мысалы Красин көшесінде салынып жатқан тұрғын үй құрылысы сот шешімімен тоқтады.Себебі тағы сол, тиісті рұқсат құжаттары болмаған.