Алматы облысында 5 мыңға жуық петроглиф жойылып кетуі мүмкін
Әсіресе көпшілікті Жамбыл ауданындағы «Аққайнар» петроглифтер кешенінің экологиялық жағдайы алаңдатады.
Нысан мемлекет қорғауына алынбағандықтан вандализм әрекеттері жиілеген. "Бұлай жалғаса берсе, зерттелмеген құнды жәдігерлерден айырылып қаламыз", дейді ғалымдар.
«Аққайнар» кешенінде ежелгі дәуірде тасқа қашалған 5 мыңға жуық таңба табылған. Бірақ нысан әлі күнге дейін мемлекет қорғауына алынған жоқ. Сол себепті тарихи мұраның жойылып кету қаупі бар. Мәтібұлақ ауылдық округінің әкімі тарихи ескерткіштерді ауылдық әкімдік қорғай алмайтынына және тарихи-мәдени мұраны сақтаудың кешенді жоспарын әзірлеу қажеттігін айтып қалды.
Темірхан Мүкеев, Мәтібұлақ ауылдық округінің әкімі:
- Өңірде военный полигон болғандықтан ол жерде әскери жаттығу ойындары өткізіледі. Сол себепті мүмкіндігіміз болмағандықтан әкімшілік тарапынан қорғауға сондай ұсыныс хат жазылған болатын. Осыны басшылыққа алып қолау көрсетіп.
Ежелгі өнер туындыларының тағдырына қоғам белсенділері де алаңдап отыр. Таңбалардың басым бөлігі жазу, бояу, цемент және өзге де қоспалар кесірінен зақымданған. Әсіресе орталық бөлігі. Онда ұзақ жыл әскери далалық лагерь орналасты. Барлық ғылыми-зерттеу жұмысы аяқталғанға дейін жартас жазығын қалпына келтіру және жазуларды өшіру бойынша шара қабылдау қажет.
Қуат Байғоджаев, "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы:
- Құндылықты бағалай біліп, біз сондай ұрпақ азаматы екенімізді марқайуымыз керек. Соған шақыруымыз керек. Бір адамдай соған атсалысамыз. Біз оны партиялық бақылауға ала отырып, осы жақын арадағы тізімгі кірзігу атсалысамыз.
Жиын соңында комиссия мүшелері уәкілетті органдарға бірқатар ұсыныс білдірді. Соның ішінде «Таңбалы тас» тарихи-мәдени нысандары мен «Аққайнар» кешенінің сақталуын бақылауға алу, инфрақұрылым жүргізу, тәртіп сақшыларының күшімен жергілікті жерді бақылауды қамтамасыз ету керек. Бұған қоса облыстық мәдениет басқармасы жыл соңына дейін «Аққайнар» шатқалын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізу мәселесін қарауы қажет.
Авторлары: А. Садуақас, А. Дүйсембаев, А. Жөнкешов