Павлодардағы «AMANAT» партиясының облыстық филиалында кітап орталығы ашылды

Мұнда мыңға жуық шығарма келіп түседі деп күтілуде.

Осылайша, тұрғындар партия филлиалына келіп, отандық қаламгерлердің туындыларын оқи алады. Партия хатшысы Шолпан Каринова жергілікті ақын-жазушылардың қолдауымен кітап клубы тұрғындардың сүйікті орнына айналуына тілектестік білдірді. Өз кезегінде партия мүшелері ірі сауда ойын-сауық орталықтарында кітап клубын ашуға уәде берді. Айта кетейік, бұған дейін осындай орталық Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл облысында ашылған еді.

Шолпан Каринова, "AMANAT" партиясының хатшысы:

- Бұл орталықтардың ашылуының негізгі мақсаты - мына халқымызға, жастарға, оның ішінде біздің оқушыларымызға кітапты жақын ету. Кітап оқу сауаттылығын арттыру. Біздің күнделікті өмірімізге кітап оқу мәдениетін кіргізу, оны кеңінен дамыту болып есептеледі.