Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим орнатылды

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында визасыз режим қолданысқа енгізілді.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Енді екі ел азаматтары жеке іс, туризм, ем қабылдау, халықаралық тасымал, транзиттік және іскерлік мақсаттарын жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады. Бұл ретте, азаматтардың мемлекет аумағында болу мерзімі  30 күннен аспауы қажет. Ал елге жарты жыл ішінде бірнеше рет барған жағдайда 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат. Еске салсақ, Эйр Астана ұшағы Алматыдан Бейжіңге аптасына 6 рет, ал Астанадан апта сайын қатынап отырады.