Қызылша - қауіпті кесел
Қызылша дертін дер кезінде емдесе, өкпе мен мидың қабынуына әкелуі мүмкін.
Тіпті, соның кесірінен соқыр болып қалу қаупі бар. Мамандар осылай деп дабыл қағуда. «Жұқпалы ауру тұмауға ұқсас. Құрғақ жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерелуі сынды белгілермен қатар, денеде бөртпе пайда болады. Ал одан сақтанудың тиімді жолы - екпе алу», - дейді дәрігер.
Нұреддин Розмат, №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының дәрігері:
- Түнгі кезекшілікте 30-40 бала қаралса, күндізгі кезекшілікте 70-80 балаға дейін қаралады. Біздің ауруханада жатқан балалардың саны 202-ге жетіп отыр. Реанимацияда 4 бала жатыр. Төртеуінде де асқынумен өтіп жатыр. біріншіден тыныс жетіспеушілігі, сатурацияның төмен түсуі, пневмонияның болуы, бронхиалит 1 жасқа дейінгі балаларда.