Қызылшаға қарсы қосымша 1,5 млн вакцина алынады

Шымкент пен Алматы қызылша ең көп таралған өңірлер қатарында.

Бұл қалаларда инфекция жұқтырғандар саны 2 мыңнан асты. Сонымен қатар Жамбыл, Алматы және Атырау облыстарында да қызылша жұқтыру дерегі жоғары. Ауырғандардың дені – бұрын осы дертке қарсы екпе алмағандар.

Еске салайық, эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты елде вакцина салу науқаны басталды. Ол үшін жыл соңына дейін қызылшаға қарсы қосымша 1,5 миллион доза вакцина алынбақ. Препарат Үндістанда жасалған. Желтоқсан айынан бастап 2-ден 4 жасқа дейінгі балалар егіледі деп жоспарлануда, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

- 1,5 миллион доза – ол қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы доза. Бұл – қосымша көлемі. 500 мың дозасы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа сатып алынған, 1 миллиардтан астам теңгеге, ал енді 1 миллионы бұл – желтоқсанда келетін көлемі. Бұл – Үкімет тарапынан бөлінген резервтің есебінен сатып алынатын вакцина. Бұған 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.