Қытай қалаларына қосымша әуе рейстері ашылады

Келесі жылдан бастап елімізден Қытайдың 3 қаласына қосымша әуе рейстері ашылады.

Өзге бағыттарға ұлғайтылады. Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында аптасына 27 рейс орындалып отыр. Енді бұл шамамен 40-қа дейін жетеді.

Жалпы екі елдің авиациялық қызметі арасындағы келісімге сәйкес әуе компанияларына аптасына 84 рейс жасауға рұқсат етілген. Көлік министрлігінің өкілі нақты қандай қалаларға рейс көбейетінін атап өтті.