Ұлытау облысында дәрігер тапшы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы облыстық филиалының өкілдері сала басшыларымен осы мәселені талқылады.
Мамандардың айтуынша, аймақ тұрғындарынан медициналық мекемелерге түсетін шағым көбейген. Дертіне дауа іздеген науқастардың көбі көрші Қарағанды облысына барып емделуге мәжбүр. Саяси ұйым өкілдері бұл түйткілді назарға алатынын айтты.
Қарлығаш Сыздықова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ОФ төрағасының орынбасары:
- Бөлімнің бастықтары келіп, бүгінгі мәселеміз бойынша олар күресіп жатқандығын айтты. Шақырылып жатыр деді кадрлар. Кадрлар шақырылып, оларға үй мен ақша жөнінде көмек жасап жатқанын айтты. Келесі жылы, Алла қаласа, одан әрі көп кадрларды шақыруға міндеттеліп отыр. Осыны біздің республикамыз естісе екен дейміз. Осы облыс бойынша ол кісілер де көмектесіп, бізге жетіспей тұрған кадрларды жіберуге көмектессе екен дейміз.