Алматы облысындағы ауылдар арасында автобустар жүре бастады

Қарасай ауданында әлеуметтік маңызы бар 7 бағыт ашылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық көлік Қаскелең қаласынан Әйтей, Тұрар, Үштерек, Көлащы ауылдарына қатынайды. Бірінші Май ауылдық округіне де барыс-келіс жанданды. Бұл бағыт автобустары Жандосов, Қайрат, Шалқар, Шамалған ауылдары арқылы өтеді.

Жалпы ауданішілік 34 елді мекенге автобус жүретін болды. Бұған қоса қоғамдық көлік Алматыға тұрақты жүреді.

Жасұлан Естенов, Қарасай ауданының әкімі:

- Алматы қаласы әкімдігімен 3 маршрут аштық. Тікелей Алматыға баратын. Ол маршрут бағасы 80-100 теңгенің көлемінде. Халыққа ыңғайлы, қолайлы болып жатыр.