Петропавлда ҚХП мүшелері тарихи таным тақырыбына тоқталды

Петропавлда Қазақстан Халық партиясының мүшелері биылғы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы айтқан 8 басым бағытты талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа құндылықтарды орнықтыру, тарихи таным тақырыптарына жеке тоқталды. Жиынға саяси ұйым өкілдері, ардагерлер, депутаттар, мұғалімдер мен жастар қатысты.

Гүлбақша Мұсабаева, «Қазақстан Халық партиясы» СҚОФ мүшесі:

- Осы құрылтайда біздің Президентіміз өте өзекті мәселелерді көтерді. Ең бастысы – ол халықтың рухани сана-сезімін қалыптастыру. Сондықтан Президент келесі ойды ортаға салды. Қазіргі уақытта барлық тарихшылар Қазақстанда, шетелде қазақ жерін, қазақ елін тарихын зерттеп жатқан 7 томдық кітапты дайындап жатыр.