БҚО-да 2 мың шақырым электр желісі жаңғыртылып жатыр
Батыс Қазақстан облысында 2 мың шақырым электр желісі мен 17 қосалқы станса жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір жұмыстың 86%-і орындалды. Қалғаны жыл соңына дейін аяқталады. Бұл жобаға тарифтен түскен 700 млн теңге жұмсалды. Облыста электр желілерінің 82%-і тозған. Оларды кезең-кезеңімен ауыстыру жұмыстары өңірді дамытудың кешенді жоспарына енген.
2025 жылға дейін бюджет есебінен 12 жоба жүзеге асырылады. Сол кезде тозған желілердің көрсеткіші 20%-ке төмендейді, - дейді сала мамандары.
Мирас Мүлкәй, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:
- Облыста электр желілерінің жалпы ұзындығы 20 мың шақырымнан асады. Ескірген желілерді ауыстыруға бағытталған 12 жобаның жетеуі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. 2024 жылы 5,2 млрд астам теңге қарастырылып отыр.