Астанада теңге күніне арналған конференция өтті
Төл теңгеміз қолданысқа енген жылдардан бері отандық қаржы саласының дамуына үлес қосқан ардагерлер болашақ қаржыгерлермен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар «Ұлттық валютаның тұрақтылығы – мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында әңгіме өрбітіп, теңгенің рөлі жайында ой-пікірін ортаға салды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция төл теңгеміздің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Қатысушылар блокчейн, қаржылық операцияларды жасанды интеллект арқылы басқару секілді заманауи технологиялар жөнінде мағлұмат алмасты.
Динара Мухияева, ЕҰУ Менеджмент кафедрасының меңгерушісі:
- Білім алушылар мен оқытушылар құрамының арасында ұлттық валютаның құндылығы, қаржылық тұрақтылық маңызды мәселе болғндықтан, оны қалай жасау керек, қандай тетіктер қолдану керек, тарихынан шолып бастағаннан қазіргі таңдағы негізгі несие, ақша саясаты, оның ішінде банк қызметіндегі маңызды мәселелермен аталған конференцияда бөлісуде.
Ілияс Ақылбек, экономика ғылымдарының докторы, профессор:
- Егемендігімізді алғалы 2 жыл даярлап, біз 1993 жылы 15 қарашада айналымға теңгемізді шығардық. Мол күннен бастап міне толық экономиклаық егемендігімізді қолға алып, міне, қазір реформа жүргізіп, нәтижесін көріп жатырмыз. Жаңа Қазақстан деген деген ол жай ұран емес, ол – экономиканы жаңарту, қоғамды жаңарту.