Елордада басқарма басшысы ұсталды

Астана әкімдігінің отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов ұсталды.

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік растады. Күдікті қазір сот санкциясымен қамауға алынды. Дегенмен оған қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз. Антикор 15 қарашада мәселенің жай-жапсарын ашуға уәде етті.