Петропавлда кәріз коллекторы жөнделіп жатыр. LIVE
Петропавлда кәріз коллекторының зақымдануына байланысты 9 қарашадан бастап техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.
Себебі 700 метрлік құбыр апаттық жағдайда. Мамандар бес күн бойы учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
Самат Қайырденұлы, тілші:
- Қазір біз Жуков көшесінің бойында тұрмыз. Себебі кәріз коллекторы осы маңда зақымданған. Негізінен ол өткен ғасырдың 60 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Әбден ескірген. Әрі уақытылы ауыстырылмаған. Өткен аптаның басында ақау табылып, оны шұғыл түрде қалыпқа келтіру керек болды. Сол себепті қалалық әкімдік өкілдері жергілікті жердегі техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін енгізуге мәжбүр болды. 9 қарашадан бастап, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде ұзындығы 700 метр құбырдың 160 метрден астамы жаңаланды. Осы шаруаларға жауапты мамандармен де тілдескен едік.
Евгений Карабельников, серіктестік директоры:
- 700 метрді біз бірнеше учаскеге бөліп тастадық. Қазір барлығы 30-ға жуық адам еңбек етуде. Коллектор алты жарым метр тереңдікте жатқандықтан, аздаған қиыншылықтар бар. Оның үстіне құбырда түрлі улы газдар жиналған. Сондықтан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауымыз керек. Қажетті материалдардың барлығы жеткізілді. Бұрғылау әдісімен қалыпқа келтіріп жатырмыз.
Негізінен бұл коллектордың ұзындығы үш мың метр шамасында.ді құрайды. Ол қаланың бірнеше ауданынан келетін ағынды суларды жинайды. Жалпы бұл жайында толығырақ бізге қалалық әкімдіктек өкілдері айтып берсе. Қазір менің жанымда Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова тұр. Бұл коллекторға қанша үй қосылған? Және жөндеу жұмыстары болып жатқан кезде халық тіршілік нәрінен таршылық көрмей ме?
Әсем Айтулова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Тұшымды сұхбатыңызға рақмет. Ал мен сөз соғңында айта кетейін, бүгінгі күні облыс орталығында кәріз құбырларының жалпы ұзындығы 257 шақырымнан асады. Ал оның 60% -тен астамы бүгінде ескірген. Сондықтан жауаптылар мәселені кезең-кезеңмен шешуді жоспарлап отыр.