Павлодар облысында шыбын-шіркейді жоюға ₸7,8 млрд бөлінеді
Павлодар облысында қансорғыш жәндіктерге қарсы күреске сегіз миллиардқа жуық теңге жұмсалады.
Бұл үш жылға есептелген сома. Мамандардың айтуынша қаржының көп бөлінуі өңдеу аумағының географиясын бірнеше есе кеңейтуге мүмкіндік береді. Зарарсыздандыру жұмыстары бұрын тек облыс аумағына жақын орналасқан елді мекендерді қамтитын. Келер жылы шалғай аудандар да шыбын-шіркейге қарсы өңделеді. Мемлекеттік сатып алуды өткізуге тиісті конкурс мерзімінен бұрын жарияланды. Қажетті техникалық сипаттамаға сәйкес келер жылы қансорғыш жәндіктермен күрес 127 мың гектар алқапта жүргізіледі.
Әйгерім Қабылтаева, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:
- Келесі жылы қосымша өңдеу аумағына Ертіс пен Павлодар аудандары кіретін болады. Бұл аудандарды өңдеу себебі, ол жергілікті рельефтердің төмен болуына байланысты жайылымдарды су басуы ұзаққа созылады. Осыған орай Ертіс өзенінің негізгі арнасына кіруі ұзақ болғандықтан шыбын-шіркей дернәсілдерінің дамуына қолайлы орта болып табылады. Осылайша алдағы үш жылдық дезинсекциялық кезеңде авиа өңдеу аумағы 127 мың гектарды құрайтын болады.