Ұлытау облысында техника дайындығы тексерілді

Былтырғы қателіктер қайталанбауы тиіс. Ұлытауда авариялық-құтқару және коммуналдық қамтамасыз ету қызметтері қыс мезгіліне дайындығын пысықтап жатыр.

Республикалық және қалаішілік жолдар мен трассаларды күтіп ұстауға жауапты ұйымдар полиция мен төтенше жағдайлар басқармасына есеп берді. Былтыр Жезқазғанда қар тазартатын техниканың аздығынан бірқатар қиындық туындаған. Ал биыл аталған кәсіпорын жаңа 15 арнайы көлікпен толықты.

Сұңғат Рахымжанов, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ОФ директоры:

- Бүгінгі таңда бізде үш жол пайдалану басқармасы бар – олар Жаңаарқа, Ұлытау және Жезқазған қалаларында. Сонымен қатар, 20 бірлік техника, 5 бірлік техника қосымша жаңасын алды. Келесі аптада жаңадан тағы  5 техника  келеді.

Мұрат Алтаев, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- Қазіргі уақытта көктайғаққа қарсы 2,5 мың тонна құм әзірленіп, жол бойында тексеріс жүргізіліп, қаланың автожолдарын күтіп ұстаудағы кемшіліктерді анықтау бойынша жұмыстар жүруде. Анықталған кемшіліктер бойынша ескертулер жасалды. Уақытылы орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.