«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңына - 25 жыл
Биыл «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның қабылданғанына 25 жыл толды.
Осыған орай Алматыда Президент Архивінде сала мамандары дөңгелек үстелде бас қосты. Іс-шара «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» архивтік марафонының аясында ұйымдастырылды. 1998 жылдан бері заңнама архив ісінің дамуына үлкен серпін берді. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық база қалыптастыру ісі жолға қойылды. Архивтік құжаттарды сақтау және пайдалану қағидасы қабылданды. Құжаттарды сақтау мерзімі мен оны жою тәртібі, мемлекеттік және оған қоса ведомстволық архивтердің жұмысында бірыңғай қағидаттар мен талаптар белгіленді. Оның негізінде мекемелерде іс жүргізуді және мемлекеттік, ведомстволық архивтердің жұмысын реттейтін 70-тен астам құжат жасалды.
Рысты Сариева, тарих ғылымының кандидаты:
-Ең бірінші жүйені орнына қойды. Қазақстанда қандай құжаттар дайындайды үкіметтік мекемелер. Мемлекеттік емес, шетелдік мекемелердің қатысуымен көп солардың құжаттарын жинастыру, іріктеу, оның сапасын қарау, қажеттілігін дәлелдеу және оларды алып қоймаларға қойып, оларды мерзімімен сақтау. Сақтағаннан кейін қажет азаматтарға беру. Электрондық жүйесін жасадық.