Таразда Ұлттық ұланының 42 сарбазына оқу гранты берілді
Олар Отан алдындағы борышын өтеу үшін 5513 әскери бөліміне былтыр келген.
Бір айдан кейін үйіне оралғалы отырған сарбаздар осындай жағымды жаңалық естіді. Енді олар ұлттық біріңғай тестілеу сынағына қатыспайды. Грант ұсынған оқу ордасына 2 жыл ішінде бара алады. Еліміздің 70-тен аса университеті тегін оқу грантын ұсынып отыр. Биыл конкурсқа республика бойынша 17 мыңнан аса сарбаз қатысқан. Солардың бірі – Арман Масабаев. Ол әскерге бармас бұрын журналистика мамандығын тәмамдаған. Енді магистратураға түсіп білім алсам дейді.
Арман Масабаев, 5513 әскери бөлімінің сарбазы:
- Жай ғана 11 жыл оқып, одан кейін ҰБТ тапсырып түсу өте қиын. Оған балың жоғары болу керек. Ал мен мына жерде әскер сапында жүріп, осы жаққа грантқа түскеніме өте қатты қуаныштымын және бұл университеттің өзінің ұжымына да алғысымды білдіргім келеді. Себебі осындай әскери қызметшілерге осындай мүмкіндік беріп отырған.
Бинұр Ырысқұлов, ҚР Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің бөлімше басшысы:
- Срочники 2.0 біздің бағдарламамыз бойынша соның бүкіл бағаларының бәрін есепке алып, соңында қорытындысын шығарып береді. Енді олардың дайындықтағы жоғарғы көрсеткіштері үшін, үлгілі тәртібі үшін ұсыныс береміз. Бұл енді алдағы уақытта одан ары қарай жалғасады. Менің ойымша, бұл мына біздің болашақ сарбаз болам деген азаматтарға да жақсы мотивация деп ойлаймын.