Төрт жасар қыздың қазасына кінәлі әскериге қатысты үкімнің күшін жою туралы шағым түсті
Әскери прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар бүлдіршіннің қазасына кінәлі деп айыпталған әскериге қатысты үкіммен келіспейді.
Бүгін Алматы гарнизонының әскери соты оны ақтап шықты. Қызметкер қару қолдану кезінде әскери өкілеттігін асыра пайдаланған. Соның салдарынан бүлдіршіннен бөлек, тағы екі адамның денсаулығына зақым келтірді деген айып тағылды. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы әскериді кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Енді прокурор үкімнің күшін жою жөнінде апелляциялық шағым түсіреді.