Елдегі төрт отбасының біреуінде ғана әке бала тәрбиесімен айналысады
Елдегі 4 отбасының біреуінде ғана әке бала тәрбиесімен айналысады екен.
Біріккен ұлттар ұйымының зерттеуі осындай. Олқылықты түзеу үшін «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі әкелер институтын дамытуды, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жаңа тәсілдерді қалыптастыруды қолға алған. Ұйымның бастамасымен бүгін елорда төрінде республикалық әкелер форумы өтті. «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбын арқау еткен шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінің өкілдері қатысты.
Мақсұтбек Айтмағанбет, "Әкелер одағы" РҚБ төрағасы:
- Мектептерде әкелер кеңестері құрылып жатыр. Әкелер кеңесі жақсы жұмыс істеп жатыр. Ұлдарымызды тәрбиелеу үшін өте үлкен маңызды іс атқаруымыз керек. Әсіресе әкелер. Сондықтан осындай іс-шараларды өткізіп жатырмыз. Биылғы өтіп жатқан іс-шараның ерекшелігі бар. Орта Азия мемлекеттерінен әкелерді шақырдық. Білім ұйымдарынан, қоғамдық емес ұйымдардан және мемлекеттік органдардан қонақтар келіп отыр.