Атыраудағы 20 миллионыншы тұрғын. LIVE
Ел халқының санын 20 миллионға жеткізген 5 баланың бірі Атырау қаласында дүниеге келді.
Асланбек Шығыр, тілші:
- Иә, бүгін – ел үшін қуанышты күн. Қазақстандықтардың санын 20 млн-ға жеткізген сәби осы біз тұрған перзентханада. Батырлардың ізін жалғап, тарихи сәтке себепші боп дүниеге келген атұстардың болашағына жақсылық тілейміз. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Бұл жөнінде толығырақ перзентхананың директоры орынбасарынан білейік.
Назымгүл Меңдешова, қалалық перзентхана директорының орынбасары:
- Мемлекетімізде 20 миллионыншы сәби Атырау қаласыеың перзентханасында дүниеге келіп жатыр. Ана мен сәбидің денсаулығы жақсы. Үйіне шығуға дайындалып жаьыр. Бұл ана бізде 1 тәулік бұрын патология бөлімінде бақылауда болды. Ұл жынысты 8:10-да дүниеге келді. Дүниеге келген сәби үшін барша Қазақстан боп қуанып жатырмыз. Ана мен баланың жағдайы жақсы. Үйіне шығаруға дайындап жатырмыз.
Сәбидің отбасындағы тұңғыш бала екен. Салмағы – 3 келі 660 грамм, бойы – 54 сантиметр. Дәрігерлердің айтуынша, анасы тұңғышын 4 жыл күткен екен, өмірге олжалы келген сәби мен анасын құттықтауға облыс әкімі арнайы келді. Бүгін ана мен бала үйіне шығарылып жатыр.