Астанаға фармаколог мамандар жиналды

Әлемде 12 мыңнан астам дәрі түрлері бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі – бұл. Бірақ дәріні де біліп ішпесе, адам ағзасына қауіпті. Оны дұрыс пайдалану мен оны науқасқа қай жағдайларда тағайындау мәселелері бүгін Астанада өткен халықаралық форумда талқыланды.

Жиында Қазақстан, Ресей, Польша мен Албанияның фармакология саласындағы жетекші мамандары терапиядағы соңғы трендтермен бөлісті. Сарапшылар барлық ауруханаларда фармбөлімшелер жұмыс істеуге тиіс дейді. Бұл дәрінің сапасын анықтауға әрі дәрігерлердің де біліктілігін арттыруға сеп.

Айжан Сәрсембаева, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы терапия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спикерлердің өз тәжірибелерін бізге бүгін әкеліп отыр. Сол тәжірибесімен бөліседі. Біз оларды өз тәжірибемізге қосамыз. Сондай комарбидті науқасты емдегенде тактикамызды өзгертіп, осы мәселені ортада талқылап, шешім алғанымыз – біз үшін үлкен көмек. Дәрігерлер үшін.