«Pfizer» компаниясы Қазақстанда инновациялық вакцина өндіреді
Мұны "СК-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев хабарлады.
Оның айтуынша, бұл Қазақстанның фармацевтикасын дамытудағы үлкен қадам. Өйткені ынтықмақтастық аясында келісімшарттық өндіріс сынды жаңа құрал қолданылады. Астанада өткен инвестфорумда онкологиялық препараттарды өндіретін "Рош" компаниясымен де келісім жасалды.
Ерхат Есқалиев, "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы:
- Файзермен инновациялық вакцина өндірісі бойынша келісім жасадық. Елімізде жергілікті өндіріспен қатар, клиникалық зерттеулер жасап, дәрігерлерді оқытуға қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Ал екінші келісім "Рош" компаниясымен жасалды. Оған сай 4 препаратты шығару жоспарда бар. Бізде техникалық өндірістің бастапқы сатысы іске қосылады. Бірақ компаниялар алдағы уақытта өндірісті кеңейтуге міндеттелген.