Қазақстанның жанкүйерлер одағы құрылады
Елордада спорт белсенділері Қазақстанның жанкүйерлер одағы болып бірігеді. Бұл турады Астана әкімдігі хабарлады.
Ұйымның мақсаты – еліміздің ұлттық құрамасын қолдау. Олар спорттық іс-шаралардағы мәдениеттің сақталуына үндейді. Сондай-ақ, жанкүйерлер кодексін қабылдау жоспары бар. Жанкүйерлер одағын құру бастамасын көтерген Әзиз Оразбаев. Бүгінгі Қазақстан-Сан-Марино ойынын тамашалау үшін стадионға 30 100 жанкүйер жиналды.
Әзиз Оразбаев, Қазақстанның жанкүйерлер одағын құрудың бас бастамашысы:
- Қазір футболдан ұлттық құрамамызға отандастарымыздың қолдауы қажет. Идея көптен бері бар болатын. Біз спорттық іс-шаралардағы мәдениеттің сақталуын қолдаймыз. Сол сияқты футбол ғана емес, спорттың кез келген түрі бойынша біріккіміз келеді.Сондай-ақ, жанкүйерлер кодексін қабылдау жоспарланып отыр, онда стадиондардағы тәртіптің негізгі нормалары мен этикасы жазылады. Матч өткізілетін орындар жұртшылық үшін қауіпсіз болуы тиіс.