Елордада «Елім дегендер» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Елорданың Оқушылар сарайында «Елім дегендер» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Оның соңғы кезеңіне жергілікті емес, өзге этностың 100 жас өкілі қатысты. Байқау - "Тіл тағдыры-ел тағдыры" жобасының бір бөлігі. Байқау мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Жеңімпаздарға төрт номинация бойынша дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Олардың арасында көркемсөз оқу, поэзиялық өнер, вокал және музыкалық аспаптарда ойнау бар.
Екатерина Подгорнова, байқау жеңімпазы:
- Мен көркем сөз наминациясы бойынша қатысып жатырмын. Екі өлең бір қара сөз оқыған болатынмын. Осындай республикалық деңгейде өтіп жатқан байқауда финалист атану мен үшін үлкен бір жеңіс деп өзім қорытындылаймын. Әр байқаудан байқауға менің қазақ әдебиетіне деген, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігім артып, сүйтіп қатысып жүрмін.