Ақтауда мемлекеттік қызметші пара сұраған
Ақтауда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына азық-түлік жеткізетін кәсіпкерден ақша талап еткен. Яғни, жасалған жұмыс актілеріне қол қойып, қаражаттың есепшотқа аударылуына ықпал еткені үшін пара сұраған.
Қазір мемлекеттік қызметші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Жасалған шарттар аясында орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдіктелуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.