Абай облысында аурухана ғимараты жаңғыртылып жатыр
Абай облысында 50 жылдан бері жөнделмеген аурухана ғимараты жаңғыртылып жатыр.
Семейден шалғай орналасқан Қайнар ауылындағы мекеменің жылу қазандығы мен шатыры ауыстырылады. Биыл өңірде ондаған медициналық нысанды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұған жергілікті және республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.
Сәуле Исаханова, Абыралы өңірлік емханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:
- Облыстық бюджеттен мекемеміздің қазандығын жөндеуге 55 миллион, стационардың шатырын жөндеуге 29 миллион бөлініп жатыр. Енді мекемеміз салқындау болған. Қазір жақсы, жаңа кезге сай пештер орнатылып жатыр. Енді мекемеміз жылынады деген үміттеміз.