Медициналық пойыз Жамбыл облысына жетті

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жамбыл облысына жетті. 

Сегіз ай бұрын Алматыдан шыққан пойыз 16 өңірді аралап, қазір соңғы станцияда 22 дәрігер тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр. Медицина мамандары әр станцияда мыңға жуық адамды қабылдайды. Тегін медициналық көмек жақын маңдағы елді мекеннен келген пациентерге де көрсетіледі. Айта кетейік, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы биыл 112 теміржол бекетіне аялдап, 80 мыңнан аса адамды медициналық қызметпен қамтамасыз етеді.

Бегімкүл Битоқова, Тамды ауылының тұрғыны:
- Жүрегім, қан қысымым көтеріледі. Соны кардиолог дәрігерлерге УЗИ-ға түсіп, ауыл түгел келіп жатыр. Жан-жақтан келіп жатыр. Міне осының барлығына дәрігерлер өздерінің қорытындысын беріп, қандай ем алатындығымызды айтты.