Еліміз онлайн қызмет көрсетуден әлем бойынша 8-орында тұр
Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингі.
Жағымды жаңалықпен Бағдат Мусин бөлісті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Үкімет отырысында, жұмыс сапасын жақсарту одан әрі жалғасатынын жеткізді. Бүгінде,, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы 50-ден астам қызмет көрсетіледі. Тек смартфон арқылы алатын мемлекеттік қызмет саны, былтырмен салыстырғанда 6 есеге өскен. Биыл көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электрондық түрде рәсімделді. Бүгінде 6,3 млн. отбасының дерегі цифрландырылған.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Көп балалы отбасына, мүгедектігі бар адамға, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы мен төлемақылар бұл қызметтер проактивті көрсетіледі. Олар 800 мыңдай. Бірақ, бір үлкен проблема бар – ол базалардағы қателер. Әлихан Асханұлы, әр органға тапсырсақ: өзіне жүктелген базадағы деректерді тексеріп, шындыққа сай келтірсе. Big data-ның тағы да бір мүмкіндігін айтайын. Жыл сайын бір жерден екінші жерге 50 млн анықтама тапсыру қажет болатын. Соны цифрлық форматқа көшірдік.