Елде Starlink интернеті қолжетімді болады

Ал Starlink компаниясының интернетін Қазақстанда пайдалану мәселесі келер жылы заңнамалық негізде реттеледі.

Әзірге  бұл технологияны елде қолдану заңсыз саналады. Бұл жайында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында айтты. Ол Илон Маск иелік ететін ғаламтор желісі заңға түзетулер енгізгеннен кейін қолжетімді болды деді. Бірақ, қазір пилоттық режімде 10 ауылдық мектеп жерсерік жүйесіне қосылыпты.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Starlink - жаңа байланыс технологиясы. Үш жыл бұрын олар байланыс қызметін көрсетуі үшін біздің аумақта құрылғы орнатып, жергілікті байланыс желілерімен біріктірілуі қажет болатын. Қазір олар қызмет көрсететін елдердің аумағында тиісті құрылғы орнатуы қажет етілмейді. Бұл жайында биыл ғана хабарланды, сол себепті заңымыз осыған қатысты әлі өзгертілген жоқ.