Ұлттық құрама елге оралды
Магомед Адиев шәкірттері биылғы іріктеу турнирінде тамаша ойын көрсетті.
Алайда сәл ғана сәттілік жетіспеді. Шешуші сында Словенияға есе жіберген команданы жанкүйерлер Астана әуежайында құрметпен қарсы алды.
Словения астанасындағы матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голды Рамазан Оразов соқты. Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы 10 ойын өткізіп, алтауында жеңіске жетті. Төрт кездесуде қарсыласына есе жіберді. Ұлттық құрама енді, ұлттар лигасы арқылы Еуропа чемпионатының жалғыз жолдамасына таласады. Бұл ойындар наурыз айында өтеді. Қазақстан жартылай финалда Грекиямен кездеседі. Одан өтсе, Грузия мен Люксембург арасындағы жеңімпазбен, Еуропа жолдамасын сарапқа салады.
Асхат тағыберген, ұлттық құрама капитаны:
- Бірінші таймда шамалы қобалжу болды. Бірінші таймда ойынымыз жүрмеді. Екінші таймда өзіміздің ойынымызды таптық. Рамазан өзінің голын салып, қазақ еліне, қазақ халқына үміт бергендей болды. Шамалы сендік. Екінші күні Финляндияны қайталаймыз ба деп ойладық.
Ермек Маржықбаев, ҚР Туризм және спорт министрі:
- Біздің ұлттық құрама командамыз жеңіс үшін көп жұмыс жасады. Өте тірі, жақсы ойын көрсетті. Өкінішке орай кішкене жетпей қалды. Сондықтан бұл спорт.