Елдегі кәсіпорындарда қауіпсіздік талаптары қадағаланады
Жыл басынан бері елдегі кәсіпорындарда 175 жұмысшы қаза тапқан.
Тағы 1000-нан астам еңбеккер зардап шекті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасы Төлеген Оспанқұлов осындай дерек айтты. Енді осындай қайғылы жағдайға жол бермес үшін қазір 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Ол өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құжат шеңберінде кәсіпорындардың цифрлық картасы жасалады. Оның аясында әр мекемедегі қауіпсіздік талаптарының сақталауы жіті қадағаланады. Жұмысшы құқығы толық қамтамасыз етіледі.
Төлеген Оспанқұлов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төрағасы:
- Биылдан бастап осы тұжырымдама Мәжіліске кірді. Егер Мәжілістегі депутаттар бәрі қолдаса, ол 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асатын болса, біз Отбасының цифрлық картасы сияқты әр мекеменің цифрлық портретін жасаймыз. Бізде қазір ірі және орта мекемелердің саны нысандары 119 мыңнан астам болатын болса, әр мекеменің портретін жасаймыз.