Абай облысында алғашқы ақылы жол пайда болды
Өңір арқылы өтетін халықаралық «Омбы-Майқапшағай» тас жолының 300 шақырымына тариф енгізілді.
Енді жүк және қоғамдық көліктердің жүргізушілері әр шақырым үшін ақша төлейді. Жаңашылдық күшіне енген екі айда 70 миллион теңгеге жуық қаржы жиналған. Түскен ақшаға 10 жаңа техника сатып алынды.
Арсен Темірханов, «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілі:
- Ал ақылы жолдың төлеміне келсек, салмағы 2 жарым тоннаға дейінгі техникалар әр шақырымға 5 теңге, салмағы 15 тоннадан жоғары көліктер 25 теңге төлейді. Жеңіл көліктер тегін жүре береді.